№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ата –аналар қамқоршылық кеңесін құрып, кеңес мүшелерін сайлау туралы » Средняя школа им. Кошмамбетова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-5-23-55
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-5-23-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ата –аналар қамқоршылық кеңесін құрып, кеңес мүшелерін сайлау туралы
22
январь
2019

№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ата –аналар қамқоршылық кеңесін құрып, кеңес мүшелерін сайлау туралы

№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ата –аналар қамқоршылық кеңесін құрып, кеңес мүшелерін сайлау туралы

Хаттама № 3

Қамқоршылық кеңесініңотырысы

14.01.2019 жыл

Қатысқандар: Мектеп директоры, мектеп психологы, мектеп директорларының орынбасарлары , ата- аналар.

Күн тәртібінде:

 

Қамқоршылық кеңес құру Қазақстан Республикасының, «Білім туралы » 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының44- бабының 9 -тармағы , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес Жуалы ауданы білім бөлімінің 2018 жыл 7 ақпандағы 72 бұйрығы негізінде «Қамқоршылық» кеңесін құру.

 

1.Тыңдалды: Мектеп директорыМолдабаева Д.Л жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібімен таныстырып өтті. «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру туралы » ережесімен таныстырып , қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар мектепке демеушілерді тарту немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті.

1- тарау . Жалпыережелер 1.Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Білім туралы » 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының44- бабының 9 –тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды .

2.Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына , Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне , Қазақстан Республикасының прокуратураоргандарына , Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынышты әскери , арнаулы , медициналық және фармацевтикалық оқу органдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.

3.Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен , ата-аналар комитетімен,жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

4.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттілігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1.Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2.Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері ;

3.Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері(бар болса);

4.Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан , курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата -анасы немесе заңды өкілі;

5.Қайырымдылық жасаушылар (бар болса) туралы таныстырылып , түсіндірілді.

 

2.Тыңдалды: Келесі кезекте мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Ембердиева сөз алып, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесіқоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық –мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі , ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп ,міндеттеріне тоқталды.

А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру , оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.

Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға , оқушыларының өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

В) Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынас үшін жағдай жасау.

Г)Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған , ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.

Ғ)Қаржыландырудыңқосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

Д)Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне , Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне , оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.

 

3.Тыңдалды: Ата-аналар сөз сөйледі.

Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен Қамқоршылық кеңес төрайымына Оразимбетова Гүлзираны , Қамқоршылық кеңестің мүшелерінеЖарылқапов Ә., Акишева Т., Есмұратова С.,

Абзалиева З.,Оразалиева Г.,Садықова Ғ.,Жұмаханова Д., , Усипбаева А., Маткаримова А.,Қадиркулова А. бірауыздан сайланды. Ата-аналар комитетінің төрайымыИманбаева Салтанат қамқоршылық кеңесінің құрылғанын қолдап , сайланған кеңес мүшелерін құттықтап, ендігі жолда бірауыздан кеңес жұмысын дұрыс жүргізейік деп атап өтті.

 

 

Шешім:

1.2018-2019 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыс жоспары негізінде мектепте төмендегідей құрамда қамқоршылық кеңесі құрылсын. Олар:

Қамқоршылық кеңес төрайымы: Жылыбұлақ бастауыш мектебінің тәлімгері Оразимбетова Г.

Қамқоршылық кеңестің мүшелері: Жарылқапов Ә., Акишева Т., Есмұратова С.,Абзалиева З.,Оразалиева Г.,Садықова Ғ.,Жұмаханова Д., , Усипбаева А.,Маткаримова А.,Қадиркулова А.

 

 

Мектеп Директоры: Д. Молдабаева

Хатшысы: Ж.Ембердиева

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив