25
октябрь
2018
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің 2017-2018 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың есебі
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің 2017-2018 оқу
жылындағы жүргізілген жұмыстардың есебі
Д. Молдабаева:
- 2017-2018 оқу жылында «Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, сапалы білім және саналы тәрбие беру» тақырыбында жұмыстар атқарылды. Мектепте қамқоршылық кеңестің іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Құрамына он бір адам бекітілген.
Мектептің шығармашылық тақырыбын жүзеге асыру мақсатында педагогикалық кеңес жұмыстары жоспарланып, барлығы 28 сұрақ талданды. Мектеп оқушыларының аудандық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға қатысып алған жетістіктері мен марапаттары бар. Мектептің материалдық техникалық базасын толықтыру үшін демеушілер тарапынан берілген сыйлықтар оқушыларымызды қуантты.
Алда әлі де атқарылар жұмыстар көп. 2018-2019 оқу жылында робот техника кабинеті жабдықталады деп күтілуде. Өткен жылы жоспарланған білім сапасын 67% -ға, ҰБТ бойынша білім сапасын 82%-ға жеткізу жоспары толық орындалды. 8 сыныптарды химия және информатика сабақтарын ағылшын тілінде өткізу қолға алынды.
Мектеп мұғалімдері облыстық және аудандық семинарларға қатысып, дәрежелі дипломдар мен марапаттарға ие болды. Мектеп бойынша дарынды оқушылар анықталды, барлығы 20 оқушы. Олардың тізімі дарындылық бейімі бойынша жасалған. Мектеп әкімшілігі дарынды оқушылармен жұмысты үнемі бақылауда ұстап отырады. Қазақстан Респуликасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы жүргізілген курстан өткен мұғалімдер үлесі – 10. 2017-2018 оқу жылында жаппай оқыту айлығы кезінде оқымай жүрген балалар болған жоқ. Мектепте денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушы жоқ. Мектеп асханасынан 1-11 сынып оқушыларынан әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, көп балалы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 62 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 70 бала жергілікті бюджет есебінен қыстық киімдермен қамтамасыз етілді. 11 бала қала маңындағы сауықтыру лагеріне барып демалып қайтты. Мектептің даму жоспары бойынша жоспарланған істер жүзеге асырылды, алдағы уақытта жалғасын табады.
Келесі сөз кезегі №36 Ш.Уалиханов атындағы негізгі мектебінің директоры Ө.Тоғызбаевқа берілді:
- Мектепте қамқоршылық кеңесі Қошмамбетов мектебімен бірлесе құрылған, іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде, құрамында он бір адам бекітілген. Қазіргі таңда мектепте 50 оқушы бар, мектеп екі кезеңде жұмыс істейді. Былтырғы оқу жылында оқушылардың білім сапасы 67% құрады. Соңғы қоңырау салтанатты жиында «Туған жер акциясы бойынша «Түлектер аллеясы» ашылды. «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша жоспар құрылып, жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстанның отбасы күніне арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында Республикалық конференция болып өтті.