«Ерте жүктіліктің алдын алу»
2018 жылғы 30 қараша күні «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып қыз балалар жиналыс болып өтті.
Мақсаты: жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Мектеп медбикесі «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша баяндама оқып шығып, қыздардың сұрақтарына жауап берді, қорытындыда ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімнің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады.Мектеп психологы Ж.Акишева «Арыңды сақта, бойжеткен» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізді. Кеңес берілді: проблемамен күресудің ең үздік тәсілі –өз өзіне сақ болу,сенімді болу, үлкендерді тыңдай білу,ата-анасын, бауырларымен жыныстық тәрбие туралы әңгімелесу және әдеби мәні бар кітаптар, журналдар оқу.