«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқан басталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Балалық шақ – мейірімділік мекені» ұранымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқан басталды.
Республикалық ақпараттық науқан шеңберінде мектепте семинар, кездесулер, конференция, флеш-моб, рейдтік іс-шаралар өткізіледі және көрмелер ұйымдастырылады.
Өткізу мерзімі:
2018 жылғы 12-23 қараша
Науқанның ұраны: «Балалық шақ – мейірімділік мекені»
Ақпараттық науқанның мақсаты:
Балаларға қатысты зорлық- зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру.
Ақпараттық науқанның міндеттері:
қоғамның, оның ішінде үлкендер мен балалардың:
қатыгездікпен қарау мәселесі және оның бала мен қоғам үшін зардаптары туралы;
осы салада халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы хабардарлығын арттыру;
еліміздің кез келген аймақтарында тілшілерді балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау мәселелерін жариялауға тарту
Күтілетін нәтиже: балалардың құқықтары, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайына түсуі кезінде көмек мүмкіндігі нысандары туралы қоғамның ақпараттандырылуы деңгейін арттыру, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тартуды белсендету.
ҚР БҚУ call-center «111», Балалардың құқығын қорғау Комитетінің сенім телефоны «8 (7172) 742528» арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен отбасыларға арналған «қызу желі» қызметі