03
февраль
2020
№3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебіндегі "Ақпан айы кеңес беру айлығы" атты іс-шара
Жуалы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінде «Ақпан айы – психологиялық кеңес беру айлығы» болып жарияланды. Жоспар құрылып, соның аясында психологиялық кеңес беру, алдын-алу, түзету жұмыстары бағытын дамыту, жасөспірімдер арасында тосын жағдайлардың алдын алу, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру мақсатында (1-қосымша) жасалып төмендегідей іс-шаралар өткізілді. Ақпанның 3-28 күні аралығында мектеп психологі Акишева Жанардың ұйымдастыруымен аталған жоспар негізінде: оқушылардың психологиялық мәдениетін көтеру, қолдау көрсету мақсатында топтық және жеке кеңестер, тренинг сабақтар, психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған ашық есік күндері болып жарияланды. Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқынының алдан алу бағдарламасы бойынша кенес беру жұмысы орындалды.Сонымен қатар ата-аналарға «Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас» атты тренинг және кеңес беру жұмысы жасалды. Тренингтің мақсаты мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату;ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу; баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу;ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу; Әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар, талдау, ой жинақтау.