Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы өтуде
2018 жылдың 10.10-20.11
аралығында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы өтіп жатыр.
Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтармен,
қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алу мақсатында мектепішілік жедел отряд тобы құрылды.
Құрамы 10-11 сыныптың 5 оқушысынан тұрады. Мектепке қарасты аумақта және кейбір оқушылардың үйлеріне сынып жетекшісі, әлеуметтік-педагог, жедел отряд тобы тарапынан рейд жұмыстары жүргізілуде.
Айлық барысында Билікөл округінің учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты
Альмамбетов Б. Е. қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылар арасында жиналыс өтті. Жиналыс барысында арнайы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған бейнебаяндама көрсетіліп, балалардың суық қару ұстамау керектігі баса айтылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің баптарын түсіндіріліп, үй-жайдан тыс жерде түнгі мезгілде жасы кәмелетке толмаған оқушылардың заңды өкілсіз жүруге болмайтыны да қатаң ескертілді.
Қараша айында демалысқа шыққан кездегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Мұнда оқушылармен "Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз" тақырыбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерімен спорттық сайыс өткізілді. Мұнда оқушылар әр түрлі тапсырмаларды бірден орындап,(арқан тартыс, доп лақтыру, футбол) өздерінің спортқа деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетті.
Кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақасатында сынып сағаттары өтуде.