Оқушыларға,ата-аналарға «Менің өмірім өзіме қымбат!», «Өмір сен маған қымбатсың!» " тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Жуалы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен, Жуалы ауданы аудандық орталық ауруханасымен бірлескен жоспарға сәйкес, 2022 жылдың 20 қазан күні №3 Қ.Қошмамбетов ОМ ата-аналары және жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналарға баланың психологиясының дұрыс дамуы мен қалыптасуы үшін кеңестер беріліп, баланың өмір қауіпсіздігін баса назарда ұстау қажеттігі айтылды. Оқушыларға «Менің өмірім өзіме қымбат!», «Өмір сен маған қымбатсың!» " тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, "Маған өмір керек, мен өмірге керекпін» тақырыбында ұлдармен пікір алмасу ,түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өмірге деген бейімділік, табандылық, жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, буллинг, кибербулиингтің алдын алу мақсатында білім бөлімінің әдіскері М.Аманхос, "Сенім" Жастар денсаулық орталығының психологы Жұмаділ Айдана, ЖДО әлеуметтік қызметкері К.Юлдашева және мектеп педагог-психологтары бірлесе отырып оқушылар мен ата-аналарға дәрістер жасалынып, сұрақ-жауап алынып, жеке кеңестер берілді.