11 қазан - Халықаралық қыздар күні мерекесіне орай «Иманды қыз, аяулы ана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
2022 жылы 11- қазан күні «Қыз жібек» клубы мүшелері ( 8-11 сынып) қыздарымен кездесу өтті. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сүлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру. Қыз-өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп,аялайтын асыл аруы десек те артық етпес. Қыз баланы қазақта кішкетайынан мәпелеп, аялап өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.Халықаралық қыздар күніне орай«Иманды қыз-аяулы ана» атты қыздар арасында, Ата-аналар төрайымы С.Иманбаева мен әжелердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты — қыз баланың бойындағы асыл қасиеттерді айта отырып, болашағына дара жол салу. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын өзінің ерекше болмысымен көзге түсері анық екендігі айтылды. Қатысушы қыздар қазақ қызының бойындағы адамгершілік қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұратындығын ортаға салып, талқылады.
Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң білім ордасынан бастау алары сөзсіз. «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы», отбасынан алған тәрбиені жоққа шығармау өз қолдарыңызда екендігін естен шығармаған жөн.