2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім,республикалық онлайн-акциясы еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын, бірыңғай сынып сағатары, өткізілді
2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатары өткізілді.
«Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өтті.
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні.
Сынып сағаттарының мазмұны білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет үшін ерекше идеологиялық маңыздылығын айқындайды.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтар Билікөл ауылдық округінің әкімі Т.Амиралиев пен Жуалы ауданы әдістемелік кабинетінің әдіскері Р.Трибосынов қатысты.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясына да оқушыларымыз белсене ат салысты.
Бейнероликке төмендегідей тақырыптар ұсынылды:
- барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы!», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм»;
- бірінші сынып білім алушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;
- 2-4 сынып білім алушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Білім саған жол ашады»;
- 5-8 сынып білім алушылары үшін – «Менің саяхатым»;
- 9-11 сынып білім алушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Білімнің адам өміріндегі рөлі»;
- ата-аналар, 1-сынып білім алушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;
- сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!», «Еңбекқорлық – бақыт негізі».1-11 сынып оқушылары акция белсене қатысты әзірленген бейнематериалдар әлеуметтік желіге #білімкүні хештегімен жүктелді.