05
апрель
2021
Ғарыш әлеміне саяхат
9-сынып оқушыларына Р.Трибосынов 12 сәуір - ғарышкерлер күні екенің түсіндңру мақсатында танымдық сағатын жүргізді. КСРО 1957 жылдың 4 қазанында «Спутник-1» алғашқы жасанды жер серігін ұшырды. Ал 1961 жылғы 12 сәуірде Мәскеу уақытымен 09.07-де Байқоңырдағы ғарыш айлағынан адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин тізгіндеген «Восток-1» ғарыш кемесі ғарышқа самғады. Осы қос жобаның екеуі де академик Сергей Королев бастаған конструкторлық бюроның жылдар бойғы қажырлы еңбегінің жемісі еді. Ресми деректер бойынша 1955 жылғы 2 маусым адамзатқа жеті қат көктің қақпасын ашқан «Байқоңыр» ғарыш айлағының «туған күні» болып есептеледі. Авиация және космонавтика күніне халықаралық мәртебе 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясының конференциясында берілді. 2011 жылдан бастап оған тағы бір атау қосылды – Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні .Адамзат тарихындағы ғарышқа алғашқы халықаралық сапар 1975 жылдың 15 шілдесінде жүзеге асты. Бұл сапар "Союз-19" және америкалық "Аполлон" кемелерінің көмегімен орындалды. ХХІ ғасырға қадам басқалы ғарыш техникалары адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетіп, Жердің айналасын мыңдаған спутник шарлап жүр. Сондай-ақ ғарыш аппараттары Айға қонып, сол жақтан грунт үлгілерін әкелуде. Бұдан өзге Марс пен Венераға да автомат зондтар қонып, бірнеше ғарыш аппараты Күн жүйесінен тыс жерлерді шарлауда.
Сол себепті БҰҰ Бас ассамблеясы бұл мерекені насихаттау арқылы адамзаттың өзге кеңістікті зерттеуде ортақ қызығушылықтары мен мақсаттары бар екеніне тереңінен тоқталды. Оқушылар ғарышкерлер туралыкөптеген деректермен танысы.
Сол себепті БҰҰ Бас ассамблеясы бұл мерекені насихаттау арқылы адамзаттың өзге кеңістікті зерттеуде ортақ қызығушылықтары мен мақсаттары бар екеніне тереңінен тоқталды. Оқушылар ғарышкерлер туралыкөптеген деректермен танысы.
