Қазақтың тұңғыш ғарышкері » Средняя школа им. Кошмамбетова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726) 35-5-23-55
Бухгалтерия
+7(726) 35-5-23-56
Версия для
слабовидящих
» » Қазақтың тұңғыш ғарышкері
07
апрель
2021

Қазақтың тұңғыш ғарышкері

07.04.2021 күні  4-сынып оқушыларына сынып жетекшісі Д.Алманбетова «Қазақтың тұңғыш ғарышкері»  тақырыбында дәріс өткізді.Қазақтың Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бірінші Май ауылында дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа екі рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы бірінші болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына "МиГ-29к" реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі "Мир" орбиталық кешенімен түйісті. Биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулер негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға, саяси және қоғамдық қызметтерге белсене араласты.Талғат Мұсабаев – Гиннестің үздік табыстар кітабында енген қазақ ғарышкері.Оқушылар дәріс аяғында пікірталас жүргізді және қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы көптеген мәліметте алды.

жі 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив