«Әрбір бала – дана бала!» атты күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру
«Әрбір бала – дана бала!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру – бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Сонымен қатар бұл – балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байытуға мүмкіндік береді. Мектеп демалысы –балаға, оның әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аударатын аймақ.
Мақсаты– күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.
Күзгі каникул кезінде балалардың демалысын бағытталған жағдайларды жасалды,демалыс кезінде демалыспен денсаулықтарын жақсарту бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Күзгі каникул кезінде 1-11 сынып оқушылары іс-шараларға қатысты. 2022 жылдың 31 қазан-6 қараша аралығында «Балалар жылы» аясындағы бекітілген жоспар бойынша, "Әрбір бала – дана бала!" күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мақсатында.1- қараша күні Азаматтық-патриоттық бағыт бойынша «Тәуелсіз елдің ұрпағы» -патриоттық әндер челленджі ұйымдастырылды. Челленджге 7- сынып оқушысы Мұхамбетжан Аяжан,« Менің Қазақстаным» әнімен, 3-сынып оқушысы Асқар Раушан «Атамекен» әнімен,7-сынып оқушысы Тұрсынхан Сания «Туған жер» әнін шырқап белсене қатысты. 2-қараша күні Эстетикалық бағыт бойынша «Күз бояулары» сурет,сәнді қолданбалы қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – көрермендерде эстетикалық талғам қалыптастыру. Көрмеде 2-5 сынып оқушыларының туындылары қойылды. 5-сынып оқушысы Лесбек Аяжан,2-сынып оқушысы Жұмабек Шаттық,3-сынып оқушысы Асқар Қайраттың суреттері ерекше көзге түседі.4- қараша күні спорттық бағыт бойынша «Спорт ойындарының калейдаскобы» тақырыбында дене шыңықтыру пәні мұғалімдері Т.Ембердиев пен Н.Алимбетов футболдан және қол күрестен жарыстар өткізді.5-қараша күні интеллектуальды бағыт бойынша «Тарих беттерінен...»тақырыбында интеллектуалды ойын өтті. 6-қараша күні экологиялық бағыт бойынша «Табиғатты аялап сақтайық!» тақырыбында қалдықтар мен қоқыстардан макулатура жинады.