"Қылмысты болдырмаудың және оның алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
№3Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде "Қылмысты болдырмаудың және оның алдын алу" тақырыбында 2022 жылы 22 қыркүйек күні 8-11 сынып ұлдары арасында,Билікөл ауылдық округінің учаскелік инспектор полиция капитаны Альменбетов Бақыт Еділханұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылып,өткізілді.
Оқушыларға кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері туралы түсіндіріп, түнгі уақытта үлкендердің еруінсіз көшеде жүрмеулерін айтып,рейд барысында ұсталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертті.Одан бөлек жолда жүру бойынша көлік тізгіндеуге,жол ережесін сақтау және сабақтан себепсіз қалмау,балалардың бір-бірін бопсалау, зорлық көрсетпеу туралы да түсіндіріп өтті.Жоғарыда аталып өткен жағдайлар орын алатын жайғдайда ата-аналарына айыппұл және оқушылар есепке қойылатындығы туралы ескертіп кетті.
