«Мамандығым – мақтанышым» атты кездесу
2022-2023 оқу жылының 28-қазан күні 9-11-сыныптар оқушыларының қатысуымен өткен «Мамандығым - мақтанышым» атты кездесу өтті. Мақсаты: Халыққа танымал, зиялы азамат, осы мектептің түлегі, зейнеткер ұстаз,ақын Сарсенбаев Маханбет ағайдың өмірі мен шығармашылығымен танысу, өмір мектебінде жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, оқушылардың мамандық таңдауда қателеспеуінің алдын алу. Зейнеткер ұстазға оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өмірде сабақ болатындай, көп тағылым алды.