01
декабрь
2022
1-Желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күн
1-Желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күнін Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасынмен бірлесіп "ЖИТС-ғасыр індеті" атты Дөңгелек үстел өткіздік. Шара барысында №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептің медбикесі Д.Найман ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде айтып, ЖИТС ауруының түрлері, инфекциялардың таралуы және емдеу жолдары туралы толық мағлұмат берді, кітапханашы Г.Жұмаханова жалпы ЖИТС ауруының шығу тарихына тоқталып, осы тақырып аясында мәліметтермен танысуларына, әдебиеттерді оқуға кеңес берді. Оқушылар да өз пікірлерін ортаға салды. №3Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің оқушыларынаДүние жүзілік СПИД- пен күрес күніне "Спид ғасыр дерті" атты дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Ғасыр індеті "Спид" пен таныстыру, оның пайда болуы, жұғу жолдарымен таныстыру. Тазалыққа, жаман әдеттен қашық болуға тәрбиелеу.


