«Қыз тәрбиесі мектеп ішінде» » Средняя школа им. Кошмамбетова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726) 35-5-23-55
Бухгалтерия
+7(726) 35-5-23-56
Версия для
слабовидящих
» » «Қыз тәрбиесі мектеп ішінде»
14
февраль
2021

«Қыз тәрбиесі мектеп ішінде»

    2021 жылдың  14 қаңтары күні  мектептің 8-11 сынып оқушы қыздары  арасында   «Қыз тәрбиесі мектеп ішінде» атты жиын өткізілді. Жиынға мектептің тәлімгері Ж.Қырықбаева,  педагог -психолог Ж. Акишева қатысып,  «Қыз тәрбиесі мектеп ішінде»  атты баяндама жасады. 

 Адам адамға қарап, ағаш  ағашқа қарап  өседі деп білген қазақ халқы: қызым жақсы болсын десең, қылықтымен  ауыл бол,- дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек жая бастаған кезде  -ақ өнерлі, текті, тәрбиелі адамгершілігі жоғары болсын деп тәрбиелейді. Сол мақсатпен мектеп ішіндегі қыздар тәрбиесі 3 бағытқа бөлінген:

+ жан сұлулық

+ гигиеналық , тазалық

+ қамқоршылық

Мектеп ішіндегі қыз балалардың мінез – құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру , сондай  - ақ қыздардың сұлулық, әсемдік жақсы қарым – қатынас  сияқты   ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, шаштарын соңғы сән үлгісімен өздеріне жарасатындай қиюға кеңес беру, үйретуге ескеріледі.

Мектептің педагог – психологы  Ж.Акишева   оқушы  қыздарға  пайдалы ақыл – кеңесін айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив