«Адамгершілік – асыл қасиет»
Абай Құнанбаев атамыз айтқандай үш –ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл,жылы жүрек. Осы қағиданы негізге ала отырып, мектептің оқушы қыздарының адами қасиетін арттыру, қарапайым болуға шақыру, мейірімділікке баулу мақсатында орта буын оқушыларымен «Адамгершілік - асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік –рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезеңінен басталуы керек. Адамгершілік негізі мінез –құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс –қылықтарынан ,мінез –құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым – қатынастарды басқарады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде,ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау,ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар –ожданы мол, еңбекқор,іскер, бойында басқа да игі істер қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Оқушы қыздар өз ойларында жүрген сұрақтарын ортаға тастап, жауаптарымен бөлісті.