Энергияның қауіпсіз түрлерін дамыту: бейбіт атом мәселесі
Мақсаты: Бүгінгі уақыт талабы, әр адамның өз көзқарасын, пікірін қорғай білуін, және де өз ойын дұрыс дәлелдей алуын қажет етеді. Білім алушылардың бойында бейбіт атом мәселесі және олармен жұмыс істеу принциптері, оларды қолдану технологиялары арқылы және де атом энергетикасы туралы пікір-таласта өз ойларын емін-еркін жеткізу болды. Міндеттері: Білім алушыларды сабақ барысында энергияның қауіпсіз түрлерін ғылыми мақсаттарымен, және де олардың түрлерімен таныстыру болды.
Білімді , білікті өз ой-пікірін еркін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Мұғалім кіріспе сөзі: Бейбіт атомға және оның болашақта дамуына әртүрлі көзқараспен қарауға болады. Алайда қазіргі кездің шынайылығы жаһандық көлемде ядролық саланың қарқынмен дамып жатқандығын және осыған орай халықаралық өзара әрекеттестіктің дамып жатқандығын дәлеледеп отыр. Атом энергетикасы бүгінде – күшті ресурс және бірнеше жылдар бойы қалыптасқан тәжірибенің негізіндегі көптеген елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының құралы. Атом энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық бұл энергия қауіпсіздігі саласында, таратпау саласында, сонымен қатар өндірістің, медецинаның, ғылымның басты салаларында адамзаттың қарқынды дамуы мақсатындағы көпжақты күш болып отыр.