15 қараша –ұлттық валюта күніне орай өткізілген іс -шаралар
15 қараша - ұлттық валюта күнінің жоспарына орай, 10- қараша күні «Теңге-тәуелсіздік келбеті» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Шара барысында оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысты.Банкноттар мен монеталардың фабрикада, Монета сарайында шығарылу технологиясымен, теңгенің даму тарихы туралы бейнефильмді тамашалды. Орта буын оқушылары ұлттық тенге туралы тарихи деректерге көп мән беріп, теңге сөзінің шығуы, ежелгі ақшалар мен монеталдар туралы ізденіс жұмысымен айналысты, ақпараттарды оқып топпен талдап, пікірлерін ортаға салып жұмыс жасаса, 4-сынып оқушыларының қатысуымен жетекшісі С.Сүйнбаеваның ұйымдастыруымен “Теңдессіз елдің теңгесі” тақырыбында викториналық ойын өткізілді. 10-қараша күні " Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен "Ұлт мақтанышы-ұлттық валюта" тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушыларды жан-жақты дамыту, азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс саяси бағдарларын қалыптастыру. Дебат ойынына екі команда қатысты. Сайысқа қатысқан екі команда да берілген тақырыпты жан-жақты талдап, дайындығын ортаға салды.Мектеп кітапханашысы К.Жолдасова «Төл теңгенің жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. 15 қараша күні 9-11-сыныптар оқушыларының қатысуымен өткен «Теңге – ұлттық табыстың кепілі» атты танымдық сағаттың мақсаты:Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.