Алтын күз-2022» сайысы
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Хош келдің мектебіме Алтын күз,
Жомарттығын бақылайық бәріміз-дей келе, жыл сайын тойлап өтетін үлкен және мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз – береке, сән – салтанат мереке айы, жиын – терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
№ 3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінде 28-ші қазан күні «Алтын күз-2022» атты сайысы өтті.Әділ қазылар алқасы оқушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беріп, жақсы тілектер мен ұсыныстарын айтып отырды. Сайыс 5- кезеңнен өтті.оқушылардың саны бірінен –бірі өтіп жатты. Сайысқа жауапты мұғалімдер өздерінің тапсырмаларын бөліп, өз жұмысын орындап,алға қойған мақсаттарына жетті. Сайыс өтетін жерді бірігіп безендіріп, сайысты тамашалауға 8-11сынып мұғалімдерін шақырды.
Байқау соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Бас жүлде күз ханшайымы мен ханзадасы Мұхтазар Диар, Серік Аружан,I-орын Есенбай Айбек,
Ақберген Жайнар, ll-орын Шекербек Сырым,Жұмабек Мөлдір, lll-орын Мекемтас Нұрайдын, Рысбек Ақниет иеленді.