Мұғалімдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар
№3 Қ.Қошмамбетов орта мектебінде мұғалімдер күні мерекесіне орай, 2022 жылы 16.09-03.10 күндері жоспарға сәйкес 1-11 сынып жетекшілері "Ұстаз-ұлағатты есім" тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағатарын өткізді.Мақсаты:Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.2022 жылы 23 қыркүйек күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Қартаңбаева Ұстаздар күніне орай іс-шаралар жоспары негізінде "Мектебім алтын ұяң жарқыраған, Ұстазын-бұлақ көзі сарқыраған" тақырыбында оқушыларға эссе жазғызды."Ұстаздарға мың алғыс!" тақырыбында мектепте білім беретін мұғалімдері мен ардагер ұстаздар Рахманкулов Мәдіхан Рахманкулович пен Тастанова Несіпкүл Уалиевнамен кездесу ұйымдастырылды.Оқушылар ардагер ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сұрақтарға жауап беру барысында ардагер ұстаздарымыз ұстаздық еткен жылдарындағы қызықты оқиғаларын еске ала отырып бөлісті. Ардагер ұстаздарды оқушылармен кездестіру сәті мерекелік шарамен жалғасын тапты.
2022 жылдың 4-қазаны күні «Ұстаздарға мың алғыс!» тақырыбында ардагер ұстаздардың қатысуымен мерекелік іс-шара болып өттМақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларларын бағалуға , Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. «Ұстазыма мың алғыс !» атты акция аясында ұйымдастырылды. Мектепте мұғалімдер күніне оқушылар алдымен құттықтау қабырға газеттерін және ашық хат шығарып жолдады. Zhambyl-tylek.kz жобасы аясында түлектердің «Ұстазыма мың алғыс!» хештегімен құттықтау топтамасы ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге жүктелді.