20
сентябрь
2022
2022-2023 оқу жылына мектептің өзін-өзі басқару құрылымын қалыптастыру(президент сайлауы)
2022-2023 оқу жылына мектептің өзін-өзі басқару құрылымын қалыптастыру мақсатында «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды."Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында "Мектеп парламенті" білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 20-қыркүйек күні мектеп президентін сайлау ұйымдастырылды.Сайлау 8:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады. Мектеп президентін сайлауға 5-11 сынып оқушылары белсен қатысты.Президенттік сайлауға 3 үміткер ұсынылды.10 -сынып оқушысы Мұхтазар Дияр, 10- сынып оқушысы Тыныс Ерсұлтан ,11- сынып оқушысы Бейбіт Салтанат.Сайлау әділ түрде өтті.Сайлау барысында оқушылар мен әкімшілік қызметкерлінен бақылаушы қойылды.Сайлауға – сынып оқушылары 100%-ға қатысты.Нәтижесі бойынша 10 -сынып оқушысы Мұхтазар Дияр 75%, 10- сынып оқушысы Тыныс Ерсұлтан 5% ,11- сынып оқушысы Бейбіт Салтанат 20% дауыс жинады.Дауыс нәтижесі бойынша 10 сынып оқушысы Мұхтазар Дияр мектеп президенті болып сайланды.8- фракцияға 24- мүше сайланып ,мектеп президентін қосқанда 25 оқушы мектептің «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымында осы құраммен жұмыс атқаратын болады.



