Жаратылыстану -математика пәндер бірлестігінің апталығы
Жаратылыстану -математика пәндер бірлестігі 2018-2019 оқу жылында желтоқсан айының 7- 12 аралығында пәндер апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге, жан – жақты білімдері мен біліктерін көрсете білуге үйрету, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, өз бетінше жұмыс орындап, қорытынды жасай білуге, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын анық әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Апталық барысында химия пәнінің мұғалімі З. Алтынбекова 8 «Б» сынып оқушыларымен « Сутек. Алынуы мен қолдануы» атты сабақ өткізілді.


Физика пәнінің мұғалімі Досхожаева А. 7 сынып оқушыларымен «Тартылыс құбылысы» атты сабақ өткізілді.

География пәнінің мұғалімі Н. Саудабаева 10 сынып оқушыларымен « Пайдалы қазбалар» атты сабақ өткізілді.

Информатика пәнінің мұғалімі Мекемтас Айдос 7 сынып оқушыларымен «Ақпараттық алгоритм» атты сабақ өткізілді.

