Қоғамдық-гуманитарлық пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы
Қоғамдық-гуманитарлық пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы
Қоғамдық-гуманитарлық пәндері әдістемелік бірлестігінде ақпан айының 22 мен 28 аралығында «Ана тілі – жүрек үні» атты апталық болып өтті.
Апталықтың мақсаты:
Оқушылардың пән бойынша білімдерін кеңейту, танымдық қабілеттерін арттыру;
Халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеуге, ана тілін құрметтеуге, адами, рухани құндылықтарымызды бағалауға тәрбиелеу;
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге ықпал ету.
Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Б. Дуржанова 10-11 сынып оқушыларымен ақиық ақын М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізді.


Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Д. Молдабаева 5-сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылым ұйымдастырды.


Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А. Картанбаева 7-8 сынып оқушылары арасында «Қазіргі заманда жастарды оқу-білімге шақыру өзекті мәселе ме?» тақырыбында дебат өткізді.

