Мектепішілік «Best сынып -2022» байқауы » Средняя школа им. Кошмамбетова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(726) 35-5-23-55
bookkeeping:
+7(726) 35-5-23-56
Version for
visually impaired
» » Мектепішілік «Best сынып -2022» байқауы
11
October
2022

Мектепішілік «Best сынып -2022» байқауы

       «№3Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі»КММ-де оқушылар арасында ең ұйымшыл,шығармашыл сыныпты анықтау,ынталандыру және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті көтеру мақсатында «Best сынып  -2022» байқауы 2022 жылы 11-қазан  күні өтті. Аталған байқауға 4- сынып жетекшісі С.Сүйнбаева, 3- сынып жетекшісі Н.Абдуллаева, 8- сынып жетекшісі А.Досхожаева, 9 «А» сынып жетекшісі З.Алтынбекова  қатысты.

  Тәрбие жұмысын жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылды.

    Байқауға төмендегідей әділқазылар алқасы төрелік етті:Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А.Қартаңбаева, ДТІЖО Ж.Ембердиева, педагог ұйымдастырушы А.Нурпейсова .

    Байқауға қатысушылар ІІI- кезең бойынша жарысқа түсті.

І кезең «Білім шапағаты»

«Менің сүйікті сыныбым» тақырыбында компьютерлік презентация (Сынып жетекшісі жұмыс тәжірибесімен таныстыру,білім беру ұйымдарындағы  сынып оқушыларының соңғы 2 жыл ішіндегі  пәндер бойынша үлгерім көрсеткіші, оқу жетістіктері,халықаралық,республикалық,облыстық байқаулардың,олимпиадалардың қорытындысы ,ұзақтығы-5 минут)

Байқаудың 2 – кезеңі «Сынып мұрағатының беттері» бейнефильм дайындау (тәрбие сағаттарының үзінділері мен сыныптың тәрбие бағыты бойынша өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар  топтамасы 3-минут)

Байқаудың 3 – кезеңі «Шеберлік шыңы» «Мектебімізге өзіміз туралы естелік ретінде не қалдырамыз...» тақырыбында ұжымдық эссе жазу.

 Байқауға қатысушы сынып жетекшілер оқушыларымен бірге жоғарыда аталған шарттар бойынша сынға түсті. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың іс-әрекетін төмендегі критерийлер бойынша бағалады: тақырыптың өзектілігі және толық ашылуы, тұжырымдар мен қорытындылардың негізділігі, олардың жаңалығы мен ғылыми – практикалық маңыздылығы, педагогика-психология, жас ерекшелік физиологиясын білу, тәрбие жұмысының әдістемесінің меңгеру деңгейі, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, ғылыми жетістіктеріне сүйену және интерактивті әдістерді пайдалану, педагогикалық ойлаудың ұшқырлығы мен тереңдігі, жеке дара шығармашылық қабілеті, тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін шебер меңгеру, әдістемелік шеберлік, кәсіби және жеке дара қасиеттер, ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалар, азаматтық ұстаным, этно-педагогика материалдарын оқушылармен тәрбие жұмысында тиімді қолдану, шығармашылық жұмысты эстетикалық рәсімдеу.

Әділ-қазылардың шешімі бойынша «Белсенді сынып» номинациясын 9«А»-сыныбы,жетекшісі З.Алтынбекова, «ІІІ орынды 4-сынып,жетекшісі С.Сүйнбаева», ІІ-орынды 8- сынып,жетекшісі А.Досхожаева,І- орынды 3- сынып, жетекшісі Н.Абдуллаева иеленді.Жеңімпаздарға ауданға жолдама берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив