
2021 жылдың 05 қазаны күні 5-7 сынып оқушылары арасында 11- қазан Халықаралық қыздар күніне орай «Қыз –қызыл гүл» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушы қыздарға қазақ қыздарының қадыр - қасиетін, қоғамда алатын орнын түсіндіру. Оқушылар суреттерін Mayлы бояумен, түрлі –түсті қарындашпен қазақ қыздары жайлы өз ойларындағы суреттерін салды. Ата –бабамыз қызға «қонақ» деп төрден орын беріп, парасаттылыққа баулып өсірген. Қазекем өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмерн, қылықты болуын қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі,үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие берген. Қазақ қызы туралы осы қасиеттерді алға қоя отырып, оқушылар өз ойларын қыл қалам арқылы жеткізді.Оқушылардың жұмыстары мектеп қабырғасына ілінді. Сурет салып, байқауға қатысқан оқушылар арасынан суретті талапқа сай, көркем, таза салған оқушылар іріктеліп мақтау қағаздарымен марапатталды.