Питаниеды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 6 – қосымшасына сәйкес «Мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру» бұйрығы негізінде оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету және санитарлық – гигиеналық талаптар орындау туралы қамтамасыз ету мақсатының бұйрығы бойынша 2018 жылдың 3 қыркүйектен бастап оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуына басты назар аударып, 1 –11 сынып мектеп бойынша тегін ыстық тамақ ішіп отырған 55 оқушы тыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 2019 жылдың 01 ақпанынан бастап 1-10 сынып мектеп бойынша 59 оқушы тегін тамақтанатын қамқорлыққа алынған, көпбалалы, азқамтылған отбасынан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінуде.
Тегін ыстық тамақтың бағасы 450 теңге.
Асханада 35 орындық бар, тоңазытқыш, ыдыстары жеткілікті. Асхананың іші жарық, таза, балалар отыратын үстелдері мен орындықтары ұйымдасқан және әзірленген жағдайда. Оқушылар асханаға арнайы жасалған күн тәртібі бойынша кіреді. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануын сынып жетекшісі, үнемі асханада кезекшілік атқаратын мұғалім, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі қадағалайды. Ас мәзірін мектеп медбикесі қарастырып, атқарады.

