Молдабаева Динара Лесбековна
Молдабаева Динара Лесбекқызы 1973 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл ауылында дүниеге келген.
1980 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған.1990 жылы мектепті үздік аяқтап, Тараз қаласындағы Педагогикалық Институтына оқуға тапсырады.
1999-2012 жылдары Жуалы аудан орталығындағы №19 Қ.Қонаев атындағы мектеп –гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
2012-2014 жылдары жылдары №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп –гимназиясында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмысын атқарды.
2014 жылғы 2 қыркүйек айынан бері №3 Қ.Қошмамбетов орта мектебіне директор болып қызмет атқарады.Өз ісіне жауапты маман, талай шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, ауылының көркейіп өркендеуіне үлесін қосып жүрген маман. Еңбек жолында төмсендегідей марапттарға ие болған:
Еңбек еткен жылдары төмендегідей көрсеткіштерге ие болды:
1. 2015 жыл Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Абай үні-халық үні» шығармалар байқауында оқушысы Акишева Әзайым І дәрежелі диплом иеленді.
2. 2015 жылы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, өзіне жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарғаны үшін Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
3. 2015 жылы Республикалық «Өрлеу» әкімшілігінің білім беру мазмұнының жаңару жағдайында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі зор еңбегі үшін Мақтау грамотасын алды.
4. 2016 жылы Тараз педагогикалық институтының ректоры Д.Қожамжарованың институт түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған Білім бағдарламаларын жетілдіруге қосқан белсенді үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
5. 2016 жылы аудандық «Білім беру ұйымының іскер көшбасшысы» байқауында ІІІ орын иеленіп, «Шебер басшы» номинациясын жеңіп алды.
6. 2017 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған Қазтест орталығының диагностикалық тестілеуінен ең жоғары 137 балл иеленіп, Алғыс хатпен марапатталды.
7. 2018 жылы Жуалы ауданының 90 жылдық мерейтейтойына орай мерекелік «Құрмет» медалімен марапатталды.
8. 2018 жылы Қазақ Ұлттық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ғылыми-оқытушылық құрамының атынан «Тәрбиелеген түлектерінің үлгілі тәртібі мен жақсы оқығаны үшін» Алғыс хатқа ие болды.
9. 2022 жыл Облыс әкімінің Алғыс хаты
10. 2022 жылы Облыстық білім басқармасы басшысының Алғыс хаты
11. 2022 жыл «АМАNАТ» партиясы төрағасының Алғыс хаты
12. 2022 жылы Сүлеймен Демирель Университеті ректорының Алғыс хаты