«Бала құқығы – алтын қазына»
2021 жылдың 25 ақпаны күні 8-10 сынып оқушы қыздары арасында «Бала құқығы –алтын қазына» тақырыбында аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлерімен және ауылдық учаскелік полиция қызметкері Алманбетов Бақыт Еділханұлымен кездесу өткізілді. Жасөспірімдердің құқығын қорғау оның оның ата-анасынан бастап әрбір адамның азаматтық борышы болып саналады. Оқушылардың өз құқығын білуі, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру үшін арнайы тәрбие сағаттары, шығармашылық жұмыстар,құқық қорғау органдарымен сынып сағаттары жүргізіліп отырса, отбасында ата-анасы үйретіп,таныстырулары керек. Бала құқығы заңмен де, қоғаммен де 100% қорғалған десек болады,бірақ бұл өмір болған соң әртүрлі жағдайлар кезедесіп жатады.Ондай жағдайда бала құқығына нұқсан келтіруге ешкімнің де қақысы жоқ. Еліміздің кез-келген бүлдіршіні –ол болашағымыз,ел азаматы болып өседі,ал ол өзін қорғай алу үшін, ертеңіне нық қадам басу үшін ол бірінші заң жүзінде сауатты болуы керек. Заң жүзінде шешілетін мәселе ол уақыт еншісінде,әйтеуір бір күні аяқталады,ал,көңілге жүрекке түскен тірі жетім ұрпаққа ешқандай заң керек емес,оларға аналарының аялы алақаны мен әкенің тәрбиесі бірдей қажет.Тағдырдың тәлкегінен ерте есейіп,ата-анаға деген реніші бар ұрпақтан қандай мемлекет құраймыз? Сол себептен, бұл жағдайды бірінші кезекте ата-ана ойланып,таразылағаны абзал.