Дублер күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар
Балалар жылы аясында мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында 2022 жылдың 4 қазан күні Дублёр күні өткізілетіні туралы 16 қыркүйек күні«Өзін-өзі басқару» ұйымының фракция мүшелерінің қатысуымен жиын болып өтті. Жиын барысында оқушыларға дублер күнінің штаттық кестесі таныстырылды, оқушылардың бір күн өзін-өзі басқару күні болатындығы, сол күні мектеп әкімшілік мүшелері мен мұғалімдердің орнын алмастыратын оқушылар таныстырылып, атқаратын міндеттері түсіндіріліп, Дублер күніне жоғары дәрежеде дайындалулары тапсырылды. 2022жылы 4-қазан күні«Дублёр күні»,« Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушылары сабақ өткізді..Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
4-қазан күні Ұстаздар күні мерекесіне орай «Өзін-өзі басқару» ұйымы мұғалімдерді қарсы алу дәлізін ұйымдастырды. Мақсаты: Мұғалімге деген құрмет, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
2022 жылы 16.09-03.10 күндері жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушыларына"Ұстаз-ұлағатты есім!" тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағатарын өткізді.Мақсаты:Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Ұстаздар күніне орай, "Ұстаздарға мың алғыс!" тақырыбында ардагер ұстаздар Рахманкулов Мәдіхан Рахманкулович пен Тастанова Несіпкүл Уалиевнамен кездесу ұйымдастырылды.Оқушылар ардагер ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сұрақтарға жауап беру барысында ардагер ұстаздарымыз ұстаздық еткен жылдарындағы қызықты оқиғаларын еске ала отырып бөлісті. Ардагер ұстаздарды оқушылармен кездестіру сәті мерекелік шарамен жалғасын тапты.