30
сентябрь
2021
«Ұстаз-ұлы тұлға!» атты мерекелік концерт
2021 жылдың 30- қыркүйегі күні 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты мерекелік концерт өткізілді. Концертті мектеп директоры Д. Молдабаева ашып, ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ұстаздарға дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс тілеп, шәкірттерінің әрдайым биіктен көрінулерін тіледі. Мектеп оқушылары ұстаздарына арнап ән айтып, би билеп, жүрек жарды ыстық ықыластарын тақпақтарымен жеткізді. Мектеп оқушылары өздері қолдан жасалған сыйлықтарын сүйікті ұстаздарына тарту етті. 



