Ғарыш ғажаптары
2021 жылғы 5 сәуір күнгі «Ғарыш ғажаптары» атты тәрбие сағаты
8 сынып оқушылары арасында балаларға Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу
мақсатында өтті.
Сынып оқушысы Пірімжар Ерсұлтан ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру. Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты пысықтады.
Сынып оқушысы Серік Аружанғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды ғарышкер дейміз. Ең алғаш ғарыш әлеміне лайка деген итті ұшырып көреді. Ол жерге аман – есен келгеннен кейін. Орыс азаматы Юрий Гагарин ұшады. Ол 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар. Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетов Қазақстан ғарышкері, халық қаһарманы атағына ие болды.. деп білгенімен бөлісті .
Сынып жетекші Пірмен Камила балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік берді. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып,балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттырды. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттырды.

