№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының 01 шілдеден 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол » республикалық қайырымдылық акциясына байланысты өткізілген іс-шара
№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының 01 шілдеден 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол » республикалық қайырымдылық акциясына байланысты өткізілген
іс-шара туралы мәлімет
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №13-1982 05.08.2019 ж. хатын басшылыққа алына отырып, №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінде мектебінде 2019-2020 оқу жылының 01 шілдеден 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке» ұранымен қайырымдылық акциясы өз деңгейінде өткізілді. Акцияның жоспары құрылып , сол жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Акцияның мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан , жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезкңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын –алу үшін материалдық және басқа да көмектер көрсету. Ал міндетіміз- қамқорлық жасау .Ата-аналар комитетінің араласумен көмек алған балалардың ата-аналары шақырылды. «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы бойынша Қайырымдылықты ,адамгершілікті биік ұстап ,кісілікті ту етіп , жаны жаралы жанның жасын сүртіп ,қолдан келген жәрдемін ұсынып жүрген ауыл азаматтарының бірі «Билікөл » ауылдық округінің әкімі Амиралиев Талғат Пернебекұлы ата -анасының қамқорлығынсыз қалған 1- оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Және де Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің директоры Молдабаева Динара Лесбекқызы аз қамтылған ,толық емес отбасынан шыққан 1- оқушыға мектеп формасын алып берді. Мектеп директорының орынбасарлары Айжанова Жанат Амиралиевна және Таттимбетова Жазира Муратовна 1- оқушыға, Мектеп ұжымы 1- оқушыға мектеп формасын оқу құралдарын алып беріп көмек көрсетті. Мекебіміздің бірқатар мұғалімдері де қайырымдылыққа бей жай қарамай аз қамтылған отбасыларға өз көмектерін көрсетті. География пәні мұғалімі Саудабаева Нұрсұлу 1-оқушыға оқу жабдықтарын алып берсе , іс жүргізуші маманымыз Жойшыбекова Зарина 1 –оқушыға мектеп сөмкесін алып берді. Көмек алған жанұялар өздерінің алғыстарын айтып ,ризашылықтарын білдірді.
Мектеп директоры: Д.Молдабаева
Орындаған: Әлеуметтік педагог Ж. Ембердиева


