"Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты кездесу » Средняя школа им. Кошмамбетова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-5-23-55
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-5-23-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты кездесу
10
февраль
2022

"Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты кездесу

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай жастар және жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында 2022 жылдың 10 ақпан күні 10-сынып оқушыларымен "Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты тақырыпта ауған соғысының ардагері Исаев Мелдебек Иманқұлұлы қатысуымен кездесу өткізілді. Алғашқы сөз кезегін Билікөл ауылдық округ әкімі Т. Амиралиевке беріліп ауған ардагерін құттықтап сыйлық табыс етті. Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
 Кездесудің мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Кездесуге аулымыздың Ауған соғысының ардагерлері – Туралиев Болат Рәпілбекұлы және Исаев Мелдебек Иманқұлұлы қатысты. Кездесуге Билікөл ауылдық округінің әкімі Амиралиев Талғат Пернебекұлы да келіп қатысты. 
Кездесу барысыннда оқушылар Ауған соғысы туралы толық мәліметтермен бір-бірімен бөлісіп, танысып шықты. Ауған соғысы туралы шағын бейнеролик корсетілді. Сабақ барысында Ауған  соғысынан «Жауынгер хаты»  үзінді оқылды. 
Оқушылар ардагерлерімізге сұғбат жүргізді. Ол кісілер өз ойларынмен , естеліктерімен бөлісті. Жас  буынға өз елдеріне адал болуына, өз елінің патриоты болып өсуіне,өз Отанын қорғауға, жақсы білім алуына жылы лебіздерін білдірді.
Кеш соңында ауыл әкімі Ауған соғысы ардагерлеріне жақсы тілегін тілеп   сыйлы табыстады.   
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив