«Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында мерекелік концерт
Мектебімізде Ұстаздар мерекесіне орай 3 қазан күні «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік концертке МАДТ-дан бастап 11 сынып оқушыларына дейін қатысты. Концертке ардагер ұстаздарда шақырылып оқушылардың өнерін тамашалап, демалып, соңында оқушылардың гүл-шоқтарымен сый-сияпаттарын қабыл алды.
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.