28
November
2022
«Мамандығым – мақтанышым» атты кездесу
2022-2023 оқу жылының 28-қазан күні 9-11-сыныптар оқушыларының қатысуымен өткен «Мамандығым - мақтанышым» атты кездесу өтті. Мақсаты: Халыққа танымал, зиялы азамат, осы мектептің түлегі, зейнеткер ұстаз,ақын Сарсенбаев Маханбет ағайдың өмірі мен шығармашылығымен танысу, өмір мектебінде жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, оқушылардың мамандық таңдауда қателеспеуінің алдын алу.
Зейнеткер ұстазға оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өмірде сабақ болатындай, көп тағылым алды. Сарсенбаев Маханбет ағай мұғалімнің бала оқытудағы түрлі әдіс-тәсілдері туралы әңгімелеп берді. Оқушылардың қойған сұрақтарына тұшымды, өмірмен байланыстыра отырып, жауап берді. Кездесудің тағылымдық мағынасы ауқымды болды. Оқушылар қалай ұлтжанды болуға болады, тіл тазалығын қалай сақтаймыз,қай кезде мәдениетті боламыз, тілге деген сүйіспеншілікті қалай қалыптастырамыз, болашақ ұрпақ саналы болу үшін не істеу керек? Оқушылар көптеген сұрақтарға көңілге қонатын жауаптар алды.