23
January
2023
«Қыстың қызықты сәттері»
№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі ауласында 2023 жылдың 23 қаңтарында «Қыстың қызықты сәттері» атты балалармен табиғат аясында ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен өзгешелігін түсіндіру.Қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойындар түрлерін атап, мазмұнын меңгерту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс- әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.Балалар мына төмендегі ойындарды қызыға жарыса ойнады.
1-ойын: «Жолды қардан тазарту».Балалар қолдарына күрек алып екі жақтан қарсы жүріп, жолды қардан тазартты.Қай топтың балалары жолды ұзын етіп тазартса, сол топ жеңді.
2-ойын: «Шанамен жарысу».Екі топтың үлкен балалары бір баланы шанаға отырғызып, сүйреп мәре сызығына дейін жарысады.Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетсе, сол топ жеңді.Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Мектепке дейінгі жас – негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.