«Қыз жібек» клубы мүшелері( 8-11 сынып) қыздарымен кездесу
2022 жылы 14 қыркүйек күні «Қыз жібек» клубы мүшелері( 8-11 сынып) қыздарымен кездесу өтті. Қыз жібек клубының ережесімен, мақсат міндеттерімен таныстырдық. Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сүлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Кездесу сұхбат, әңгімелесу, сұрақ-жауап арқылы өтілді. Қыз тәрбиесі туралы жалпы түсінік берілді. Қыздардың мектеп ішінде ғана емес, көшеде дұрыс киінуі, жүріс-тұрысы қалай болу керектігі туралы айтылды.Клуб басшысы сайланып, Ұйым мүшелеріне міндеттер бөлініп берілді.
Кездесу барысында қыздардың өздеріне тән қылығы мен мінезі болу керектігі айтылды. Ситуациялық жағдаяттар шешілді.