08
April
2021
Ғарыш келешек жолы
"Қазақстандағы ғарыш саласы өзектілігі мен болашағы" атты тақырыпта 5 сынып оқушыларымен Ж.Қырықбаева дөңгелек үстел отырысын өткізді. Ғарыш— ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі.Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар,т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғарыш болып ажыратылады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.Ғарыш саласының өзектілгі туралы ойларын ортаға салып пікірталас жүргізді.




