«UNT-ке сеніммен барайық!»
UNT-ке сеніммен барайық!
Мақсаты:
1. 11 - сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын анықтау;
2. Оқушылардың өздігінен атқаратын білімдерін терең меңгеруге, біліктіліктерін қалыптастыруға психологиялық көмек көрсету;
3. Қобалжу, сенімсіздік, үрейден арылу және оларды алдын - алу;
Міндеті:
Өзіндік сенімін болуға баулу.
Стрессті жеңуге жол көрсету
Schoolchildren UNT - ні сенімді тапсыруға дайындау.
Өткізілетін түрі: тренинг
Құралдар: плакат, шарлар, ақ қағаз, қалам, тест парақшасы, үлестірме, әуен, өрмекші торын құратын жіптер.
Тренинг ережесі: тыңдау, ойын ашық айту, уақыт үнемдеу, ойды бөлмей т. б.
Тренингтің барысы:
Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, бабына келген сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады.
Тренингтің кезеңдері.
I. Психологиялық дайындық, ұйымдастыру
«Амандасу»
Мақсаты: амандасу арқылы оқушыларды тренингке бейімдеу.
Нұсқау: Оқушылар ойын алаңында бейберекет жүреді, жүргізуші бір деп шапалақ ұрғанда – қазақ тілінде, екі дегенде – орыс тілінде, үш дегенде - ағылшын тілінде. Жүргізушінің нұсқауымен қолмен, иықпен, шынашақ саусақпен, құлақпен, аяқпен т. б. амандасады.
1. «UNT - ға шолу» пікірталас
Мақсаты: оқушылардың UNT - ге психологиялық даярлануға деген қалауын және қажеттілігін қалыптастыру.
Сұрақ: «UNT - ге психологиялық дайындық не үшін қажет деп ойлайсыздар?»
Оқушылар: «Ұбт - ға психологиялық дайын мен үшін...»,- деп сағат тілі бағыты бойынша біртіндеп өз ойларын айтып шығады.
« Стресс - тест»
Бағалау шкаласы:
30 ұпай және одан төмен. Сіз саналы әрі тұрақты өмір сүретін адамсыз. Өміріңізде пайда болатын бар проблемаларды тез шеше аласыз. Өзіңізді өзгелерден артық деп ойлаMayтын, қанағат тұта алатын, әрқашан бәріне үлгеретін адамдардың қатарындасыз.
31 - 45 ұпай. Сіз өте белсенді адам болғандықтан өміріңіз қызықты әрі стресске толы болып өтеді. Сондықтан сіз көп шаршайсыз, үздіксіз стресске шалдығып отырасыз. Алайда бұл стресстің барлығы алдыңызға қоятын биік мақсаттарыңыз үшін.
46 - 60 ұпай. Сіз үшін бастысы - жарқын мансап. Сіз үшін өзгелердің ойы мен көзқарасы өзіңіздің ойыңыздан әлдеқайда маңызды, сондықтан сіз әрқашан стресс үстінде боласыз. Егерде сіз өміріңізді осындай бағытта жалғастырсаңыз, сіз расында да көп нәрсеге жетіп, армандарыңыздың көбі орындалады, алайда мұның барлығы сізге қуаныш әкеле алады ма, ойланып көріңіз.
61 ұпай және одан жоғары. Сіз көліктің жүргізушісі секілді өмір сүресіз: бірде газға басып, бірде тормозға басасыз. Тез арада өмір сүруіңіздің салтын, тәртібін өзгертіңіз. Мұндай стресс тек сіздің денсаулығыңызға ғана емес, сондай - ақ сіздің болашағыңызға да зиян әсер етуі мүмкін.
Стреске қарсы гимнастика
Бірнеше рет иықтарыңызды көтеріп түсіріңіз, содан соң мойнымызды айналдырамыз;
Көзімізді жұмып, бірнеше рет терең дем аламыз;
Жоғары қарап оң қолымызды сосын сол қолымызды аспанға жететіндей етіп көтереміз.
Басымызды сипалап, саусақтарымызбен уқалаймыз.
Жағымызды қысып, «аааа» деп айтамыз.
Көзіңізді жұмып кең тыныс алып, жақсы ой ойлауға тырысыңыз.
«Сіздің уайымға бейімділігіңіз» тесті
Бұл суреттен басы мен құйрығын жерге қарай иіп алған итті көріп отырсыздар. Иттің бақытты болуы үшін бір нәрсенің жетіспей тұрғаны анық, ол қандай зат? Өзіңіздің қалауыңызбен иттің айналасына қайткенде де оның көңіл - күйін көтеретін сурет салыңыз. Ол итке ұнаMayды оған керегі де жоқ деген сізде ойлар болмасын. Өзіңізге қажет дегеннің бәрінің суретін салыңыз.
Бұл тест көмек қажет ететін адамдарға қол ұшын бере аласың ба немесе өзгеге жаның ашиды ма осыны да түсінуге көмектеседі.
Жаттығу: «Өрмекші торы» немесе «Достық торы»
Мақсаты: Өзіне деген сенімін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту
Нұсқау: «Қолдарыңызға жіпті бір-бірлеріңе беретін кезде болашақ менің таңдауым, кері кеткенде менің қауіптенетін тұстарым» -деп біртіндеп жіпті дөңгелете отырып айтып шығады
Анализ:
- Не оңай болды, неден қиналдыңдар?
Оқушылар өз ойларымен бөліседі
«Өз жұлдызыңызды табыңыз?» жаттығуы
Мақсаты: босаңсу мүмкіндігі және өзін сенімділікпен оптимизмге бағыттау.
Уақыты 20 мин.
Нұсқау: дөңгеленіп отырыңыздар және көздеріңізді жұмыңыздар.
Үш рет терең демалып, оны шығарыңыз... (музыка ойнайды).
Ал енді жұлдызды түнді елестетіңіздер. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күнгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақындаған нүктелер.
Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін бұл балалықтағы сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақытты қуанышты, шабытты кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да өз жұлдызыңызға сүйсініп, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жетесіз. Аспаннан алып оны өз алдыңызға қойыңыз, жақыннан қараңыз және оның көрінісінен қандай сәуле, жарық шашқанын есте сақтауға тырысыңыз.
Ал, енді алақандарыңызбен тізеден төмен қарай тобықтың тұсына дейін денені созып, көздеріңізді ашыңыздар, қағаз алып, түсті қарындаштармен өз жұлдызыңызды салыңыз. Оны қиып, біздің жұлдызымызды аспанға іліп қойыңыздар. Енді жұлдыздар әр тренинг сабағында бізге жарығы мен нұрын шашып, мейірім, достық, өз ара көмек қолдау сезімдерін бойымызға ұялатады.
Ал соңғы сабақта оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сіздерді білім жолында нұрландырып, емтихан мен өмірде сүйемелдейді. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар: олардың арасында бірде - бір ұқсасы жоқ. Олар барлығы әртүрлі, сіздер мен біздер сияқты.
« UNT - да жетістікке жетейік!»
(« Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )
1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,
UNT - деп бірге соққан жүрегіміз.
Білім болған бастау алар тірегіміз.
әннен шашу шашайық.
Қайырмасы;
Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз,
Бәріміз де дайым,
Көрмей қайғы - уайым,
UNT - дан жетістікке жетейік.
2. Жанымызға сенімділік серік болсын,
Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,
Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,
Асулардан асайық.
Қайырмасы;
Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз,
Бәріміз де дайым,
Көрмей қайғы - уайым,
UNT - дан жетістікке жетейік.
Қорытынды сөз:
Мұғалім міне, балалар кішкене болса да көңілдерің көтеріліп бір - бірімен табысып жақсы танысып кімге қалай сөйлеу керектігін біліп алдыңдар. Сендерді мен UNT кезінде өздеріңді қалай ұстау керектігін біліп алсын, қағидаларды сақтап бір - біріңе мейірімді, кішіпейіл бола біліңдер. Үлкен табыстарға биіктерден көрініңдер. Жұлдыздарың жанып тұрсын. Келешекте тәуелсіз еліміздің дамуына өзіндік үлес қосатын азамат болғандықтарыңызға сенім артамыз.
Feedback
Оқушылар бүгінгі тернингтен алған әсерлерімен бөлісті


