29
September
2021
"Ардагерлерді ардақтайық" атты қайырымдылық акциясы
2021 жылдың 1 қазан-Халықаралық қарттар күні. Осы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қаулысымен арнайы белгіленген болатын. Содан бері мереке елімізде кеңінен аталып өтіліп келеді. Негізінен бұл күн-аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн. Болашақ жастар мен орта буын өкілінің қазыналы қарттардан алар тағылымы мол. Ауылымыздағы зейнеткерлерге, жалғызбасты жандарға, мүгедектерге, қамқорлық пен күтімді қажет ететін азаматтарға жылдағы бағыт бойынша ерекше көңіл бөліп келеді. 28 қыркүйек күні "Қарабастау" БПҰ жанынан құрылған жасотандықтар мен "Жас ұлан" ұйымының мүшелері, ТІЖО Ж. Ембердиеваның, әлеуметтік— педагог Г. Мустафаеваның ұйымдастыруымен 1 қазан — "Қарттар күні" мерекесіне орай "Ардагерлерді ардақтайық" атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында Х.Далбаева апамыздың үйіне барып отыны жарылып, арық тазартылды.
и ещё 3
5Динара Молдабаева, Қарабастау Ауылдық Кітапханасы и ещё 3
Поделились: 1
Нравится
Комментировать
Поделиться